F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Шығыс шақырады» – жаңа мүмкіндіктер мекені

F16 F16
14.03.2026, 19:07
Жаңалықтар, Катонқарағай, Марқакөл, Самар, Тарбағатай, Шекаралық аудан
Фото: F16.kz/2025 жыл

Фото: F16.kz/2025 жыл

Шығыс Қазақстанда тұрғындарды қолдауға және өңірдің демографиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы. Бағдарлама еліміздің бірқатар өңірлерінен қоныс аударуға ниетті азаматтарға жаңа мүмкіндік ұсынып, еңбек етуге, білім алуға және баспаналы болуға жол ашады.

Бүгінде көші-қон сальдосы өңір үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстан төрт мың адам көшіп кеткен. Осыған байланысты аймаққа жаңа тұрғындарды тарту жұмыстары күшейтілді. Бағдарлама аясында Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Жетісу өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан қоныс аударушыларды қабылдау жоспарланған.

Былтыр өңірге барлығы 800-ге жуық адам қоныс аударды. Оның ішінде екі жүзден аса – қандас, ал 600-ге жуығы елдің басқа өңірлерінен көшіп келгендер. Келгендердің арасында жоғары білімі бар 82 адам, орта арнаулы білімі бар 110 адам бар. Үш жүзден аса еңбекке қабілетті азаматтың 195-і жұмыспен қамтылды.

Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы бұл мақсатқа 496 млн теңге бөлінді. Атап айтқанда, 181 отбасыға көшуге арналған субсидия беріліп, оған 173 млн теңге жұмсалды. 60 отбасыға тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеу үшін 18 млн теңге бөлінді. Ал 72 отбасыға баспана сатып алу үшін экономикалық мобильдік сертификаттары беріліп, жалпы сомасы 276 млн теңгені құрады.

«Шығыс шақырады» жобасы қоныс аударушыларды ынталандырудың жаңа тетіктерін де қамтиды. Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылады. Біріншісі – бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 2,9 млн теңгеге дейін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру. Екіншісі – ауылдық елді мекендердің мектеп түлектеріне колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім гранттарын ұсыну. Үшіншісі – «Отбасы банкі» арқылы жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз болатын, 20 млн теңгеге дейін жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру. Төртінші бағыт – жергілікті кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бос тұрған үйлерді жөндеп, қоныс аударушыларға қоныстануға дайындау.

Жоба аясында тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да белсенді жүргізіліп келеді. Өңірде өмір сүру мен еңбек ету мүмкіндіктері туралы түсіндіру шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

2026 жылы облысқа 600 адамды көшіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 200 қандас пен 400 қоныс аударушы бар.
Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – процестерді цифрландыру. Қоныс аударушыларды сүйемелдеу жұмыстары FSMSocial мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Бұл жүйеде келген азаматтардың деректері енгізіліп, көрсетілген қызметтер бойынша фото және бейнеесептер тіркеледі. Әрбір отбасының қажеттілігі жеке анықталып, жұмысқа орналасу, әлеуметтік төлемдер алу, тұрғын үй мәселесін шешу секілді бағыттарда жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Осылайша «Шығыс шақырады» жобасы жаңа өмір бастауға ниетті азаматтар үшін тек көшу бағдарламасы ғана емес, тұрақты жұмысқа, білімге және өз ісін дамытуға жол ашатын нақты мүмкіндікке айналып отыр.

Тегтер: TopЖұмыспен қамтуКөші-қонШҚОШығыс шақырады
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған