Алдағы сенбіде Өскеменнің бірнеше ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Сауда алаңдарында бағасы арзан, сапасы жоғары жергілікті тауарлар ешқандай делделсыз, тікелей ұсынылады, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – сатылымға шығарылған өнімдердің бағасы қолжетімді мен сапасы жоғары болуы. Базаршылар келген жұрт азық-түлікті тікелей өндірушіден алады. Бұл бағаның негізсіз қымбаттауына және алыпсатарлықөа жол бермейді.
Сенбі күні жәрмеңке келесі мекен жайларда өтеді:
«Алтай» көтерме-тарату орталығы (Жібек Жолы көшесі, 44);
«Дос-Нар» сауда үйі (Виноградов көшесі, 17а);
«Керуен» сауда үйі (Оралхан Бөкей көшесі, 3);
Защита ауданындағы «Теміржолшылар» саябағы (Тынышпаев көшесі, 122).
Тұрғындарға ет өнімдері (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдері, нан-тоқаш, бал және өзге де азық-түлік түрлері мол ұсынылады.
Жәрмеңке таңғы сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін болады.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындарды сапалы әрі арзан өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті өндірушілерді қолдауға да мүмкіндік береді.




