Облыс орталығында «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр. «ST.Start» әлеуметтік-мәдени қоры мен «Ауыл» партиясы ұйымдастырған ауқымды шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген және Ресей Федерациясының қоғамдық ұйымдары мен шығармашылық ұжымдары бас қосты, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін фестиваль аясында халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин инклюзивті жобаларды қолдау және мүгедектігі бар жандар үшін қоғамда тең мүмкіндіктер қалыптастыру — партияның ұзақ мерзімді әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Қазіргі күні еліміздің 20 өңірінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Сонымен қатар, партия депутаттары заңнамалық өзгерістерді белсенді түрде ұсынып келеді.
«Ауыл» партиясы үшін мұндай шараларды қолдап, жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Инклюзивті жобаларды біз тек әлеуметтік бастама ғана емес, қоғамның тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде қарастыруымыз қажет, — дейді ұйымдастырушылар.
Фестиваль екі күнге жалғасады. Оның аясында пікірталас алаңы, халықаралық дөңгелек үстел, шығармашылық байқау, көрмелер және дарынды балалар мен жастардың қатысуымен өтетін гала-концерт өтпек.




