F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыс жұрты ынтымақ мерекесін атап өтті

F16 F16
02.05.2026, 08:31
Жаңалықтар, Мәдениет, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Өскемен қаласы нағыз достық пен татулықтың мекеніне айналды. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шаралар өңір жұртшылығына ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. ОРталық алаңға қала тұрғындары мен қонақтары жиылып, ынтымақ мерекесін жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Республика алаңында дүркіреп өткен «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» атты мәдени бағдарлама өзінің көркемдігімен де, мазмұнының тереңдігімен де көпшілік қауымды тәнті етті. Сахна төріндегі өнерпаздар ұлттық фольклорды заманауи стильмен шебер шендестіріп, көпұлтты еліміздің бай мәдениетін паш етті. Алаңның әр бұрышында тіршілік қайнап жатыр: бірінде шеберлердің қолынан шыққан төл туындылар көздің жауын алса, екінші жағында бауырмал елдің бауырсағы мен ұлттық тағамдары ұсынылды. Ал спорт алаңында күш сынасқан жігіттер мен ойын-сауыққа бөленген балалардың шат күлкісі мереке шырайын келтіре түсті.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мерекелік жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз алып, аймақ халқын осынау маңызы терең мейраммен құттықтады. Аймақ басшысы бейбітшілік пен келісімнің мемлекетіміз үшін баға жетпес құндылық екеніне баса назар аударды.

Қадірменді жерлестер, сіздерді рухымызды асқақтатып, елдігімізді бекемдейтін Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бізді ортақ мақсаттар мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілік біріктіреді. Дәл осы бірлік пен өзара түсіністік – еліміздің гүлденуі мен тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала бермек», – деді өңір басшысы..

Облыс әкімі сондай-ақ жүзден астам ұлттың өкілдері татулықта ғұмыр кешіп жатқан Шығыс Қазақстан халқының қоғамдық келісім мен татулықты сақтаудағы жоғары жауапкершілігін ерекше атап өтті. Халықтың ауызбіршілігі тек мерекеде емес, елдің саяси өміріндегі маңызды шешімдерден де көрінетінін айтты. Әсіресе, Әділетті Қазақстан құру жолындағы Конституциялық өзгерістерді халықтың бірауыздан қолдауы – ортақ мүдденің биіктігін көрсетеді. Бұған қоса, облыс көлемінде қарқын алған «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы мен «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамдық сананың жаңа деңгейге көтерілгенінің нақты айғағы ретінде аталды.

Өскемендегі думан тек орталық алаңмен шектелген жоқ. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының маңында да түрлі этностардың мәдениетін паш ететін танымдық шаралар өтті. Тұрғындарға бұл күн тек демалыс емес, туған өлкенің береке-бірлігін сезінетін шуақты сәт болғанын айта кету керек.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мерекенің түйіні кешке Республика алаңында қойылды. Қала тұрғындары асыға күтетін, музыкамен әрленген «биші субұрқақтардың» салтанатты іске қосылуы мерекелік кештің сәнін кіргізе түскендей. Кешке бас алаңда «Достық толқынында – 2026» атты облыстық студенттер фестивалі өтті. Бұл шара тек мерекелік концерт емес, шығысқазақстандық жастардың шығармашылық қуатын паш еткен ауқымды мәдени форум болды десек артық айтқандық емес. Биылғы фестивальдің ауқымы кең, форматы өзгеше болды. Сахна төрінде облыстың маңдайалды оқу орындарының талантты студенттері бас қосты. Өскемен жоғары политехникалық колледжінің өнерпаздарынан бастап, С.Аманжолов және Д.Серікбаев атындағы іргелі университеттердің жанындағы жоғары колледж білімгерлері де өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ болашақ ақ халатты абзал жандар – Өскемен медицина-стоматологиялық және жоғары медициналық колледждерінің студенттері де  өнер жәрмеңкесіне өз үлесін қосты.

Ұлан ауданынан арнайы келген балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері мен Қазақстан-Америка еркін университетінің жастары мерекенің көркін қыздыра түсті. Әрбір қойылым ұлттар достығын дәріптейтін, бірлікке шақыратын терең мағыналы туындыға айналды.

Мұндай ауқымды шараға алғаш рет қатысып тұрмын. Маған өте ұнады. Жастар ән айтып, би билеп, ойын ойнап, әркім қолдан келген өнерін көрсет  

Тегтер: 1 мамырF16Қазақстан халқының бірлігі күніМерекеӨскеменСақтағановШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған