Облыс орталығында «Казцинктегі» жарылысқа байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды F16.kz.
Қазіргі уақытта кәсіпорын аумағында апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы саны 80 адам мен 18 техника тартылған. Оның ішінде командалық-штабтық көлік пен ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараты бар, — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Апат салдарынан ғимараттың бір бөлігі қирап, екі адам мерт болды, бес адам жарақат алған.
Жарылысқа байланысты жедел желі де іске қосылған. Оған 8 (7232) 55-38-19 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.




