Биыл Шығыстағы Риддер қаласы 240 жылдың мерейтойын атап өтеді. Айтулы мереке қарсаңында қалада түрлі мәдени және спорттық шаралар өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды F16.kz.
5 маусым күні қалада ғылыми-практикалық конференциядан өтеді. Сонымен қатар облыстық ақындар айтысы өтеді.
6 маусым күні қала тұрғындары мен қонақтары «Ата-Мұра» ұлттық ойындарын, қазақ күресі, көкпар, бәйге мен садақ ату сайыстарын тамашалайды.
Одан бөлек, әуе шары, түрлі ұтыс ойындары мен жәрмеңке ұйымдастырылып, жерігілікті өнерпаздар және қазақ эстрадасы жарық жұлдыздары BAYANSULU, Анар Батырхан және KILIMANJARO SHOW-дың қатысуымен мерекелік концерт өтеді, — делінген хабарламада.
Мерейтойлық шаралар кешкі сағат 22:00-де отшашумен аяқталады.




