F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО әкімі өңір халқын Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтады

Madina Kainarova Madina Kainarova
01.07.2026, 11:00
Билік, Жаңалықтар
Фото: gov.kz/ШҚО әкімдігі

Фото: gov.kz/ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір халқын Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтады.

«Құрметті жерлестер! Қадірлі қауым!

 Ел тарихындағы аса маңызды оқиға — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң — мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін ең басты құқықтық құжат.

Жаңа Конституцияның жобасы шамамен екі жыл бойы әзірленіп, кейін жан-жақты қоғамдық талқылаудан өтті. Білікті заңгерлер мен сарапшылардың қатысуымен мұқият зерделеніп, заман талабына сай жетілдірілді.

Қоғам сұранысы мен уақыт талабына сәйкес жүргізілген конституциялық реформалар еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталды.

Басты мақсат – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігі мен қоғамдық әділеттілікті орнықтыру, сондай-ақ білім, ғылым, инновация, мәдениет және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамытуға берік құқықтық негіз қалыптастыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың басты өзегі.

Осы ұстаным негізінде Әділетті Қазақстанды құру, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайту, жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын орнықтыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды.

Мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Халық Кеңесі құрылады.

Ата Заңымыздың мерейі әрдайым үстем болып, Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, халқымыздың бірлігі мен берекесінің нығаюына қызмет ете берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған