F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауыл тойынан Азия кубогіне дейін: «Шығыс салбурынының» аясы кеңейе түсті

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
07.10.2026, 10:15
Басты, Жаңалықтар, Ұлан

Шығыс Қазақстанда бүгінде Бүркітшілер ауылы бар. Ұлан ауданындағы Бозанбайды бұқара-халық осылай атап кетті. Кейінгі бес-алты жылдың ішінде аймақта дәстүрлі саятшылық өнер кең дәріптелгені мәлім. Ұлан жері құсбегілердің құтханасына айналса, Шығыс өңірі ұлттық өнерді өз биігіне жақындата түсті. Бүгінде өңір жұртшылығы, алыс-жақындағы саятшылар мен саяхатшылар «Шығыс салбурынын» асыға күтетін болды. Құс салуға құмар қауым биыл да бөркін аспанға атпақ. Өйткені биыл да «Бүркіт төбеде» айтулы шараның алауы жағылады. 8-10 қазан аралығында Бозанбай ауылында «Шығыс салбурыны – 2026» І Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.

Өңірде соңғы жылдары ұлттық дәстүрлерді насихаттай отырып, туризмді дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Алтыншы жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шығыс салбурыны» фестивалі оның айқын дәлелі.

Десе де, биылғы доданың ауқымы да, мәні де өзгеше. Құсбегілер байқауы биыл жаңа деңгейге көтеріліп, І Азия кубогі форматында ұйымдастырылып отыр. Халықаралық жарысқа 9 елден келген бүркітшілер қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен өз шеберліктерін сынайды.

Ұлан ауданындағы құсбегілер сайысы 2021 жылы алғаш рет өткізілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 жұлдызды күн» жобасы аясында Бозанбай ауылында облыстық құсбегілер сайысы ұйымдастырылған.

Сол жарыста құсбегілер бүркітті қолға шақыру, шырғаға салу, қоянға салу секілді дәстүрлі сынақтар бойынша бақ сынады.

Сайыстың Бозанбай ауылында өткізілуінің де өзіндік сыры бар. Бұл өңірде аңшылық пен саятшылық өнерін берік ұстанған, ел арасында аты қалған Өзбек Манапов есімді бүркітші тұрған. Осы дәстүр сабақтастығын сақтап, Бозанбайда құсбегілер додасын тұрақты өткізу қолға алынды.

Алғашқы сайыстың өзіне шетелдік қонақтардың қызығушылық танытуы ұлттық өнердің халықаралық деңгейде насихатталуына жол ашты.

Осылайша 2022 жылы «Шығыс салбурыны» алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Додаға Моңғолия, Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен және Қазақстанның Алматы, Ақмола, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 28 бүркітші қатысты.

Халықаралық жарыс аясында бүркітшілікпен қатар асау үйрету, тазы жүгірту секілді ұлттық өнер мен спорт түрлері де көрермен назарына ұсынылды.

2023 жылы  ауқымды шарада бүркітпен бірге ителгі мен қаршығаның да саятшылық шеберлігі сыналды.

2024 жылы бесінші халықаралық «Шығыс салбурыны» фестиваліне Қазақстанның әр өңірінен және бірқатар шетелден келген 148 бүркітші қатысты. Фестивальді тамашалауға 10 мыңнан астам көрермен жиналған.

2025 жылы да ұлттық спортты ұлықтайтын фестивальдің ауқымы кеңейе түсті. Оған Қазақстанның түрлі өңірлерімен қатар Ресей, Қытай, Испания, Венгрия, Моңғолия және Қырғызстаннан келген 100-ден астам құсбегі қатысты.

Бозанбай даласына қырыққа жуық киіз үй тігіліп, этнографиялық көрмелер мен қолөнер жәрмеңкелері өтті. Қазақстандық және шетелдік өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар да көрерменге паш етілді.

Биыл «Шығыс салбурынының» тарихындағы жаңа белес. Алғаш рет І Азия кубогі ретінде ұйымдастырылып отыр.

Жарыс 9–10 қазан күндері Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» алаңында өтеді.

9 қазан сағат 10:00-де жарыстың салтанатты ашылуы өтіп, құсбегінің спорттық киімі, құсбегілік жабдықтары, құстың тұлғасы, күйі мен сипаты бағаланады. Сондай-ақ қыран құстарды қолға шақыру және бүркітті шырғаға салудың іріктеу жарыстары өтеді. Жартылай финал да осы күнге жоспарланған.

Екінші күн, яғни 10 қазан, жарыстың шешуші кезеңдеріне арналады. Бүркіт, ителгі және қаршыға бойынша жарыстардың ақтық кезеңдері өтеді.

Одан бөлек, тазы жүгірту, асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу, арқан тарту мен таяқ тарту жарыстары да осы күні болады. Артынан арнайы қонақтардың қатысуымен марапаттау рәсімі мен мерекелік концерт жоспарланған.

Осылайша, Бозанбайдағы «Бүркіт төбе» биыл да ұлттық өнер мен спорттық бәсекенің орталығына айналмақ. Дәстүрлі саятшылықты дәріптеп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен «Шығыс салбурыны – 2026» І Азия кубогі құсбегілік өнерінің жаңа деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тегтер: F16Ұлан ауданыҰлттық спортШығыс салбурыны-2026
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған