Өскеменнің Малдыбаев көшесіндегі конденсатор зауытының аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 720 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатты. Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді, — делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиға салдарынан зардап шеккен адам жоқ. Істің мән-жайы анықталып жатыр.




