Қазгидрометтің хабарлауынша, 26 қарашада ел аумағында күн райы құбылмалы, жауын-шашынды болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады деп болжанады. Сондай-ақ өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі.
«Шығыс Қазақстан облысы — түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақытта екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың шығысында, таулы аудандарда 10 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы, облыстың шығысында, таулы аудандарда 3 градус аяз. Өскемен қаласында күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 соғады, таңертең және күндіз 15-20, кей уақытта екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы», — делінген Қазгидромет хабарламасында.




