Өскеменде он жылға жуық уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері оны жедел шара барысында қолға түсірген.
Полицияның мәлімдеуінше, іздеуде жүрген бұл азамат 2007 жылдың желтоқсанында тұрмыстық жанжал кезінде өзінің танысын пышақтап, ауыр жарақаттаған. Сот сырттай төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырады. Алайда сотталушы жазадан қашқан. 2016 жылдың аяғынан бастап мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Қазір шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздеу ресми түрде хабар берілген. Желтоқсан айында экстрадициялау рәсімі жүргізіледі деп жоспарланды.




