Бұқтырма су қоймасының Алтай ауданындағы жағалауында демалыс базалары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгінде онда 143 демалыс базасы жұмыс істеп тұр. Аудан әкімдігі көлеңкелі кәсіптің жолын кесу мақсатында маусымнан бері бақылауды күшейткен.
19 рейд жүргізілді. Нәтижесінде, лицензиясыз алкоголь сатқан 3 факті анықталды. Сондай-ақ жалпы құны 500 мың теңгені құрайтын 300 бөтелкеден астам алкоголь өнімі мен 4170 қорап темекі тәркіленді, — дейді аудан әкімдігі.
Сонымен қатар кей базаларда POS-терминалдар болмағаны да анықталған.
Туристер ағыны жылдан жылға артып келе жатқан Бұқтырма жағалауындағы қауіпсіздікті арттыру үшін демалыс базаларында тексеріп әлі де жалғасады.




