Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақмола облысының Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған республикалық жастар слёті басталды., деп хабарлайды F16.kz.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам белсенді жас жиналған. Олар жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын талқылап, қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды.
Слёттің салтанатты ашылу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Ермек Қөшербаев, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Мәжіліс депутаттары және өзге де мәртебелі қонақтар қатысты. Олар шараның және еліміздің дамуында жас мамандардың рөлін айқындай түсті.
Шығыс Қазақстан атынан слётке белсенді де дарынды аттанған. Олардың қатарында Ұланқадырова Аружан Алмазқызы, Жамелов Алдияр Кенжебекұлы, Дәулыханов Әли және Қуанышева Камила Жанболатқызы бар. Аталған студенттер түрлі республикалық байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпазы атанып, оқу орындарындағы қоғамдық жұмыстарда ерекше көзге түскен.
Слёт 24 шілдеге дейін жалғасады. Үш күн бойы қатысушылар үшін мотивациялық кездесулер, сарапшылардың шеберлік сабақтары, танымдық сессиялар, топтық тапсырмалар мен мәдени-спорттық бағдарламалар ұйымдастырылады.




