Алдағы оқу жылында елімізде 312 мың балақай мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы 1 сәуірде Қазақстанда 1-сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау науқаны басталған болатын.
– Бүгінге дейін еліміздің мектептеріне 312 мың бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.