Глубокое ауданында есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген 68 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
Зейнеткерді тәртіп сақшылары тексеріс жүргізу мақсатында Өскемен-Шемонаиха тас жолында тоқтатқан.
Медициналық сараптама нәтижесі бойынша, көлік жүргізушісі марихуана шеккені анықталды. Ер адам кінәсін толық мойындап отыр. Аудандық сот жас мөлшерін ескере отырып әкімшілік қамауға алу шарасын тағайындаған жоқ, — делінген сот хабарламасында.
Сот шешімімен ер адам 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.