Еліміздің Ішкі істер министрлігі интернет-ресурстар мен цифрлық сервистерді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы халықты құлақтандыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, жақында «Қазақтелеком» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен ынтымақтастық аясында ауқымды хабарландыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Tele2 және Altel ұялы байланыс абоненттерінің 7,8 миллионнан астам пайдаланушысына киберқауіпсіздік бойынша негізгі шараларды еске салатын SMS-хабарламалар жолданды.
– Аталған акцияның мақсаты – интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, – деп хабарлайды дерек көзі.