Енді халық көп жиналатын орындарда, саябақтарда заңсыз саудаға тыйым салынады, деп хабарлайды F16.kz.
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов демалыс орындары мен скверлердегі өзекті мәселелерді талқылап, бөлімдерге бірқатар тапсырма берді.
Саябақтар мен скверлерде заңсыз сауданы тоқтату керек, тұрғындар көп жиналатын демалыс орындарына қоғамдық дәретханалар орнатып, оны күтіп ұстауға да назар аударамыз. Сондай-ақ бөлім басшыларына тазалық сақтап, қоқысты уақытылы шығару бойынша да бақылауды күшейтуді, жаяу жүргіншілер аймағында самокат пен велосипед қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және иттерді серуендетуге арналған арнайы орындарды ұйымдастыруды тапсырамын,, — деді ол.
Шаһар басшысы өз сөзінде қаланы жайлы әрі қауіпсіз ету үшін бірқатар шаралар қабылданатынын атап өтті.
Балалардың көзін қызықтыратын түрлі-түсті ойыншықтар сатылады. Олардың қайсында рұқсат бар, қайсында жоқ? Біріншіден, сапасыз ойыншықтың балаға еш пайдасы жоқ. Екіншіден, демалуға барған ата-ананың жағдайын, қалтасын ойлау керек. Балаларды серуендететін кішкентай көліктер, велосипедпен жүретіндерде де дәл сондай. Олар неліктен жаяу жүргіншілер жолымен жүру керек? Өздеріне де қауіпті, демалыс орнында жүрген бүрлдіршіндерге де қауіп төндіреді, — дейді Алмат Ақышов.