Бүгін Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Есенгелді би тарихы мен шежіресі» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Кітапта Есенгелді бидің ел ішіндегі орны, шешендік өнері, жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі кеңінен ашылып көрсетілген. Бұл – тұтас бір әулеттің тарихын баяндайтын рухани мұра.
Еңбек ауызша деректерге, архивтік құжаттарға және көнекөз қариялардың естеліктеріне сүйене отырып жазылған. Шығарма тарихи шындыққа негізделіп, жүйелі түрде ұсынылған.
Фото: А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана