F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Басты мақсат – өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту – ШҚО әкімі

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
27.06.2025, 11:11
Басты, Жаңалықтар, Экономика
Басты мақсат – өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту – ШҚО әкімі

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында жаңа бастама қолға алынды. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Кәсіпкерлер кеңесінің құрылғанын жариялады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлермен кездесуде өңір басшысы бұл кеңестің басты мақсаты аймақтағы бизнес өкілдерімен тұрақты әрі жүйелі диалог орнатып, кәсіпкерлікке қатысты өзекті мәселелерді шешу екенін атап өтті.

– Әкімдік үшін ең маңызды міндеттердің бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл – өңірдегі бизнестің тұрақты дамуына тікелей байланысты. Сондықтан біз инвестициялар көлемін және жалпы бизнес белсенділігін арттыруға мүдделіміз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкімнің айтуынша, қазіргі заманда экономикалық өзгерістер өте жылдам жүріп жатыр, сондықтан жаңа жағдайларға бейімделу аса маңызды. Осы орайда Кәсіпкерлер кеңесінің құрылуы нарықтағы жедел өзгерістерге тиімді жауап табуға мүмкіндік береді.

– Қазіргі кезде диалог бар, бірақ ол көбіне жеке кәсіпкерлер мен әкімдік арасында жүруде. Менің ойымша, бизнес-қоғамдастықтар арқылы жұмыс істеу әлдеқайда тиімді. Себебі, мұндай ұйымдар жеке емес, ортақ мүддені қорғайды. Қазір біз үшін басты мақсат – өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту. Әкімдік конструктивті диалогқа дайын, – деп атап өтті өңір басшысы.

Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына экономика саласында өзіндік орны бар ірі кәсіпкерлер кіреді. Кеңес алаңында мемлекеттік органдар, сарапшылар мен бизнес өкілдері арасында тұрақты кездесулер, пікір алмасулар өткізу жоспарланған.

Талқыланатын басты тақырыптардың бірі – 2025 жылдың 10 қыркүйегінде өтетін халықаралық Altay Invest инвестициялық форумы. Бұл форум инвестиция тартуға және экономикалық байланыстарды кеңейтіп, нығайтуға мүмкіндік береді. Форумға Қытай, Ресей және өзге де елдердің инвесторлары, сондай-ақ халықаралық даму институттарының өкілдері қатысады деп күтілуде. Кеңес жұмысының үйлестірушісі – ШҚО әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Өңір басшысы бүгінде мемлекеттік қолдау шараларының – субсидиялар, жеңілдіктер мен инвестициялық келісімшарттардың болуына қарамастан, олардың толық пайдаланылмай жатқанын айтты. Осы ретте бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін даму басымдықтарын анықтап, билік пен бизнестің күшін біріктіру қажет екенін атап өтті.

Шығысқазақстандық кәсіпкерлер әкімнің бастамасын қолдап, өз ұсыныстарын айтты. Олар әсіресе жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру қажет екенін тілге тиек етті, өйткені бұл сала кәсіпкерліктің дамуына елеулі үлес қосып отыр.

Кездесу соңында Нұрымбет Сақтағанов бірлескен жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтіп, Кәсіпкерлер кеңесінің ұзақ мерзімді бастама боларына сенім білдірді.

Тегтер: Altay InvestF16ӘкімБизнесИнвестицияКәсіпкерлікШҚОЭкономика
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО әкімі: Біз өндіріс жүргізуді үйрендік және шетелдік тауарлармен бәсекелесе аламыз

ШҚО әкімі: Біз өндіріс жүргізуді үйрендік және шетелдік тауарлармен бәсекелесе аламыз

27.06.2025, 15:38
ШҚО-да суармалы жерлерді ұлғайту жоспары орындалмай жатыр

ШҚО-да суармалы жерлерді ұлғайту жоспары орындалмай жатыр

27.06.2025, 15:33
Алматыда әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

27.06.2025, 15:04
Биыл 5,5 мың қандас көшіп келді

Биыл елімізге 5,5 мың қандас қоныс аударды

27.06.2025, 14:30

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО әкімі: Біз өндіріс жүргізуді үйрендік және шетелдік тауарлармен бәсекелесе аламыз

27.06.2025, 15:38

ШҚО-да суармалы жерлерді ұлғайту жоспары орындалмай жатыр

27.06.2025, 15:33

Алматыда әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

27.06.2025, 15:04

Биыл елімізге 5,5 мың қандас қоныс аударды

27.06.2025, 14:30

Заң бұзғандарды дронмен табады: Астанада тың тәсіл қолға алынды

27.06.2025, 14:00

Жол жөндеу: 104 шақырымға асфальттың төменгі қабаты төселді

27.06.2025, 13:35

Тағы мың мектеп жаңғыртудан өтеді

27.06.2025, 12:28

Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелі қайта ашыла ма?

27.06.2025, 12:04

Астанада бокстан Әлем кубогы үшін жарыс өтеді

27.06.2025, 11:39

Басты мақсат – өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту – ШҚО әкімі

27.06.2025, 11:11

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған