F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Рассветтен» «Рауанға» дейін: Өскемендегі киім фабрикасының бүгіні мен ертеңі

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
17.07.2025, 17:18
Әлеумет, Өскемен, Репортаж, Экономика
«Рассветтен» «Рауанға» дейін: Өскемендегі киім фабрикасының бүгіні мен ертеңі

Фото: Дана Әбдікәрім

Кезінде аты бүкіл одаққа дүркіреп тұрған Өскемендегі «Рассвет» фабрикасының ісін бүгінде «Рауан» кәсіпорны жалғастыруда. Қазір мұрагер кәсіпорын аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің маңызды бөлшегіне, тіпті тірегіне айналған десек қателеспеспіз. F16.kz сайтының тілшісі Шығыс Қазақстан облысының орталығында орналасқан фабрикаға барып, бір кездегі даңқты кәсіпорынның қазіргі жағдайымен танысып қайтты.

МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫСШЫДАН ТӨРТ-АҚ АДАМ ҚАЛҒАН

Рас, кеңестік дәуірде «Рассвет» фабрикасының өнімдерін білмейтін адам кемде-кем еді. Шарықтау шағында мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып тұрған өндіріс орнындағы жағдай өткен ғасырдың 90-шы жылдарында күрт өзгерген. Нарықтық экономикаға төтеп бере алмаған кәсіпорын біртіндеп өндіріс көлемін азайтып, жұмыс орындарын қысқарта бастаған. 2018 жылы небары төрт жұмысшысы қалып, жабылудың алдында тұрған фабриканы жергілікті кәсіпкер Әлия Адамова сатып алды. Содан бері әбден кетеуі кеткен кәсіпорынның қайта тынысы ашылып, бойына қан жүгірді деуге болады.

Қазір «Рауан» өндірістік кооперативін басқарып отырған Әлия Маратқызы да, оның қол астына жиналған аздаған жұмысшысы да фабриканың беделін қайта көтеру жолында табанды еңбек етіп келеді. Соңғы жылдары кәсіпорын бүгінгі нарық талаптарына бейімделіп, серіктестік байланыстарын жаңартып, өндірісті жандандыруға бет бұрды.

«Рассветтен» «Рауанға» дейін: Өскемендегі киім фабрикасының бүгіні мен ертеңі
Фото: Дана Әбдікәрім

Айта кетейік, Әлия Адамова фабриканы 2018 жылы өз қаражатына сатып алып, оның барлық қарызын өтеген, банк шоттарын қайта жандандырған. Қолдау білдірген ағасы – кәсіпкер Рүстем Адамовтың арқасында 16 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы өтеліп, кәсіпорын жұмысы ретке келген.

ІСТЕЙМІН ДЕГЕН ЖАНҒА ЖҰМЫС БАР

Фабрика қайта ашылған соң бұрынғы қызметкерлері де біртіндеп оралып, жаңа мамандармен қатар жұмыс істей бастады. Мысалы, техникалық қамту бөлімін басқаратын Галина Волошина бұл кәсіпорында 50 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді, былайша айтқанда, бұл жердің отымен кіріп, күлімен шыққан нағыз майталман маман.

– Мені бұл жердің ескі көздерінің бірі деуге болады. Фабрикаға өмірімнің 58 жылын арнаппын. Қызығын да, шыжығын да көрдік. Кезінде осы салаға келгеніме еш өкінбеймін. Кәсіпорындағы қазіргі міндетім – істен шыққан техниканы жөндеу, жалпы жұмыс процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз ету. Жасым біразға келіп қалса да, темір-терсекпен алысуға шамам жетеді. Өмір бойы істеген кәсібім ғой, – дейді Галина Волошина күліп.

Тігіншілер Жанна Милина мен Гүлмира Ауғамбаева да – кәсіпорынның сапалы өнім өндіруіне айтарлықтай үлес қосып отырған жандар. Екеуінің де бұл жерге келгеніне көп бола қоймаған. Соған қарамастан, негізгі мамандықтары мұғалім және тәрбиеші саналатын қос кейіпкеріміз де осы жерге ат басын бұрып, жаңа кәсіпті игергеніне еш өкінбейтін сыңайлы.

«Рассветтен» «Рауанға» дейін: Өскемендегі киім фабрикасының бүгіні мен ертеңі
Фото: Дана Әбдікәрім

Осыдан бірнеше жыл бұрын әлеуметтік жоба аясында қаладағы жұмыспен қамту орталығы «Рауан» фабрикасына Дархан есімді мүмкіндігі шектеулі жігітті жіберген. Жоба мерзімі аяқталғанымен Дархан өз қалауымен осы фабрикада қалып қойған. Бұл дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа жұмыс орындарын аша бастаған кәсіпорынның пайдасы қыз-келіншектермен қатар, Дархан сынды жігіттерге де тие бастағанын аңғартса керек.

Алайда, кәсіпорын басшысының сөзінше, жастардың тігін өндірісіне деген қызығушылығы әлі де төмен. Соған қарамастан, Әлия Адамова арнайы оқу орталығын ашып, кәсіби мамандар даярлауға ден қойған. Бұл орталық арқылы көптеген қыз-келіншек, әсіресе әлеуметтік осал топтардан шыққан әйелдер тігін ісін үйреніп, өз кәсібін ашуға мүмкіндік алыпты.

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА – ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Бүгінде «Рауан» кәсіпорнында 20-ға жетер-жетпес астам адам еңбек етеді. Мұнда киімнің түр-түрі тігіледі. Дәл қазір тігін цехтарында сапасы өте жоғары өндірістік киімдер тігіліп жатыр екен. Ал тапсырыс берушілер арасында «Өскемен титан-магний комбинаты», «InVivo» зертханалар желісі, қоғамдық тамақтану нысандары, білім мекемелері мен жедел жәрдем қызметі де бар.

«Рассветтен» «Рауанға» дейін: Өскемендегі киім фабрикасының бүгіні мен ертеңі
Фото: Дана Әбдікәрім

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап кәсіпорын тағы бір тың бағытқа бет бұрды. Атап айтсақ, ерекше балаларға арналған киімдер тіге бастады. Жалпы, елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы киімдер тігумен айналысатын өндіріс орны жоқтың қасы. Қазір бұл олқылықтың орнын «Рауан» кәсіпорны толтыруға тырысуда.

Әлия Адамованың айтуынша, мұндай балалардың ата-аналары тарапынан сұраныс өте жоғары. Әдеттегі киім дүкендерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ыңғайлы әрі қолжетімді киімдер табу қиын, ал шетелдік өнімдердің бағасын қалта көтермейді.

– Біз Өскемендегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізетін «Мархабат» және «Демеу» орталықтарымен әріптестік байланыстамыз. Мәселен, «Мархабат» орталығының қызметкерлеріне арнайы жұмыс киімдерін тігіп бердік. Аталған орталықта ерекше балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілер мен педагогтардың дені – сондай ерекше балалардың ата-аналары. Сол аналар өз балаларына да арнайы киім тігіп беру жөнінде өтініш білдіре бастаған соң, бұл бағыттағы жұмысты да қолға алады, – дейді Ә.Адамова.

Жаңа топтамадағы киімдер балалардың қажеттіліктеріне толық бейімделген. Киім үлгілері сырмамен жабылады, жапсырмалы түймелер арқылы оңай шешіліп, киіледі. Бұл – баланы киіндіру процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Маталардың көбі табиғи мақтадан жасалған, демек, теріге зиянсыз әрі жайлы. Сонымен қатар, фабрикада жылы қолғаптар мен қыстық аяқ киімдер де тігіледі. Арнайы топтама бастапқыда тегін таратылыпты, қазіргі кезде де мұндай көмек ішінара жалғасып келеді.

Кәсіпорынның басты мақсаты – еліміздегі ерекше балалардың барлығын сапалы, ыңғайлы киіммен қамтамасыз ету. Болашақта жасөспірімдер мен ересектерге арналған арнайы киім үлгілерін де ұсынып, бұл бастаманы кеңейту көзделіп отыр.

Алайда, жобаның кең қанат жаюына кедергі болып отырған бір жайт – мемлекеттік қолдаудың болмауы. Өнімді нарыққа шығару, жарнамалау, тарату сынды істер әзірге кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылуда.

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ПАЙДАСЫНАН ГӨРІ ЗИЯНЫ КӨП БОЛЫП ТҰР»

Әлия Адамованың айтуынша, елімізде киім-кешек өндірісін дамыту үшін отандық кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржы көздері мен заманауи жабдықтар қажет. Егер мемлекет тарапынан қолдау артса, қазақстандық киім өндірісі қайта жанданып, отандық брендтерге деген сұраныс өсер еді. Бұл – тек экономикалық емес, әлеуметтік тұрғыдан да маңызды. Өйткені, мұндайда жаңа жұмыс орындары құрылып, әйелдер мен жастардың кәсіпкерлікке араласуына жол ашылары анық.

«Рассветтен» «Рауанға» дейін: Өскемендегі киім фабрикасының бүгіні мен ертеңі
Фото: Дана Әбдікәрім

– Шыны керек, қазір елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының дамуын тежеп тұрған бірнеше фактор бар. Оның ең бастысы, біз бәсекеге қабілетсіз болып тұрмыз, нарығымызды өзге елдердің тауарлары жаулап алған. Қазір сауда орындарында сатылып жатқан киімдердің түгелдей дерлігі Қытай, Ресей, Түркия мен Қырғызстандікі. Өзіміздің өнім жоқ деуге де болады. Ал бұл ахуалды оңалту үшін сырттан келетін тауарларға баж салығын салу керек. Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін отандық өндірушілерге түсетін салық ауыртпалығын жеңілдетпесе болмайды. Мемлекет тұралап қалған саланы көтеру үшін осындай қадамға баруы керек деп ойлаймын. Бұған қоса, біз сияқты кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алулар деген дүниенің де пайдасынан зияны көп болып тұр әзірге, – дейді Әлия Маратқызы.

Тегтер: "Рассвет""Рауан"F16Әлия АдамоваЖеңіл өнеркәсіпКәсіпкерлікӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09
Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52
Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18
Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

14.08.2025, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

ШҚО-да казино ойындарын жарнамалаған блогерлер анықталды

14.08.2025, 16:22

Ертең жаңбырдың соңы бұршаққа айналуы мүмкін – ШҚО

14.08.2025, 15:28

Марқакөлдің жағасында қандай туристік жоба жүзеге асырылатыны белгілі болды

14.08.2025, 15:13

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

14.08.2025, 14:38

ШҚО полицейлері 8 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіледі

14.08.2025, 14:06

Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

14.08.2025, 12:30

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған