F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде жас жол инспекторларының халықаралық слеті басталды

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
06.08.2025, 12:36
Басты, Жаңалықтар, Қоғам, Өскемен
Өскеменде жас жол инспекторларының халықаралық слеті басталды

Фото: F16.kz

Өскеменде Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторларының дәстүрлі республикалық слеті басталды. Тамыздың 13-не дейін жалғасатын слет бұл жолы халықаралық мәртебеге ие болып отыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

70 МЫҢ ОҚУШЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҚОЗҒАЛЫС

Биыл кезіндегі Пандемия салдарынан үзіліп қалған жас жол инспекторларының республикалық слетін өткізу дәстүрі қайтадан жанданды. Араға алты жыл салып, еліміздің жас жол инспекторлары Шығыс Қазақстанда бас қосты. Слеттің біздің облыста өтуі тегін емес. Себебі, осыған дейінгі 2019 жылғы соңғы слетте шығысқазақстандық жас жол испекторлары жеңіске жетіп, келесі іс-шараны өз облысында өткізу мүмкіндігіне ие болған еді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мұрындық болуымен өтіп жатқан слеттің мақсаты – жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын балалар жарақаттарын азайту.

Нақты мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана жол-көлік оқиғаларынан 135 бала көз жұмған. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, Еуропалық көлік қауіпсіздігі кеңесінің ақпараты бойынша, Еуропа елдерінде жол апатынан тіркелген балалар өлімі жылына 100 мың балаға шаққанда 2 жағдайдан аспайды екен. Демек, елімізде осы бағытта шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылдануы керек. Профилактикалық жұмыстың басым бағыттарының бірі – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Айта кету керек, мемлекеттік деңгейде балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі мектептердің басым бөлігінде «Жас инспекторлар жасақтары» жұмыс істейді. Бұл шамамен 5 мыңға жуық бірлестік. Оған ондаған мың оқушы қатысады. Жас инспекторлар – жай ғана мектеп үйірмесі емес, республикамыздың түкпір-түкпірінен 70 мыңнан астам оқушыны біріктіретін ауқымды балалар мен жасөспірімдер қозғалысы.

Еске салайық, ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялаған. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл туралы слеттің ашылу салтанатына қатысқан ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев айтты.

– Мұндай слеттерді өткізудегі басты мақсатымыз – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға үлес қосу. Жалпы, бүгінде жолдағы балалар қауіпсіздігі мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып тұр. Сондықтан, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, ширататын боламыз. Сөзсіз, бұған бүгінгідей жас жол инспекторлары слетінің тигізер септігі зор, – деді Қайсар Сұлтанбаев.

БАЛАЛАР ӨЛІМІ АЗАЙҒАН

Айта кетейік, биылғы слетке еліміздің 20 өңірінен 200-ден астам қатысушы жиналды. Тағы бір атап өтер жайт, бұл жолғы іс-шара халықаралық сипат алып отыр. Өскемендегі слетке Қырғыз елінің өкілдері келіп қатысуда. Қатысушылардың басым бөлігі – 5-8-сынып оқушылары.

Тәжірибе көрсеткендей, жас инспекторлар қозғалысы белсенді дамыған өңірлерде балалардың жол апатынан зардап шегу фактілері азайып, оқушылардың құқықтық сауаты мен полицияға деген сенімі артқан. Мұндай өңірлердің қатарында Шығыс Қазақстан облысы да бар. Оны слеттің ашылу салтанатында қатысып, қатысушыларды жиынның басталуымен құттықтаған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Омар айтты.

– Бұл шараның мәні де, мағынасы да зор. Себебі, осындай жұмыстың арқасында елімізде, оның ішінде біздің облыста балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттарының саны азаюда. Болашақта мұндай слеттерге бүгінгідей 200 емес, 2 мың жас жол инспекторы қатысады деп сенемін. Барлық қатысушыға сәттілік пен жеңіс тілеймін, – деді Ж.Омар.

Слеттің басы-қасында жүргендердің айтуынша, жас жол инспекторлар слеті – тек алдын алу шарасы емес, сонымен қатар жасөспірімдер арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейтін маңызды іс. Оның үстіне, мұндай жиындарға қатысқан оқушылардың бірсыпырасы кейін өз болашағын дәл осы саламен байланыстырып, жол қауіпсіздігі саласында қызмет етуді қалайтын көрінеді.

Тегтер: F16жол қауіпсіздігіІшкі істер министрлігіОқу-ағарту министрлігіӨскеменШҚО әкімдігі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09
Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52
Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18
Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

ШҚО-да казино ойындарын жарнамалаған блогерлер анықталды

14.08.2025, 16:22

Ертең жаңбырдың соңы бұршаққа айналуы мүмкін – ШҚО

14.08.2025, 15:28

Марқакөлдің жағасында қандай туристік жоба жүзеге асырылатыны белгілі болды

14.08.2025, 15:13

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

14.08.2025, 14:38

ШҚО полицейлері 8 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіледі

14.08.2025, 14:06

Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

14.08.2025, 12:30

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған