Шығыс Қазақстанда апта жаңбырлы басталғанымен, бейсенбі, жұма күндері аптап ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
Термометр бағаны өңірде ертеңнен бастап біртіндеп көтеріле бастайды. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, ертең күн райы аздаған бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады.
Апта соңында күн ашық, жауын-шашынсыз, +29°С…+33°С-ға дейін аптап ыстық күтіледі. Облыс орталығында температура +34°С-қа дейін көтерілуі мүмкін, — дейді синоптиктер.
Мамандар қатты ыстықта үйде болған жөн екенін және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін еске салады.