Қазгидромет мамандары 5 қарашада күн райы қалай болатынын болжады. Шығыс өңірінің таулы аймақтарында ауа температурасы минус тоғыз градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды F16.kz.
«Шығыс Қазақстан облысы – жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың таулы аудандарында 9 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градус аяз болады», — делінген синоптиктердің хабарламасында.
Ал Өскеменде күн алабұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні – секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.




