Еліміздегі ең көп алкогольді ішімдік тұтынатын адамдар Шығыс Қазақстан облысында тұрады, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында Шығыс Қазақстанда алкогольді сусындар сатып алуға көп қаражат жұмсалған. Дәлірек айтқанда, бұл өңірде бір адам жылына спирттік ішімдікке 44 867 теңге шығындайды. Ал екінші орында тұрған Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 39 755 теңгеге тең. Үшінші орында –Қарағанды облысы. Кенді қала тұрғындарының жан басына шаққанда жылына бір адам алкольді ішімдік алуға орташа есеппен 38 257 теңге жұмсайды екен.
Сонымен қатар сприттік сусынды көп ішетін өңірлер қатарында Алматы қаласы мен Павлодар облысы бар.
Керісінше «шайтан суға» құмар емес өңірлер санатына Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы кіріп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сәйкес, Қазақстанда жан басына шаққандағы алкогольді жалпы тұтыну жылына 5,4 таза этил спиртіне тең, ал әлем бойынша орташа мөлшер – 6,2 литр. ДДҰ атап өткендей, жылына 5 литрден жоғары мөлшер денсаулыққа зиянды болып есептеледі.