F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» гала-концерті дүркіреп өтті

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
12.07.2026, 09:06
Басты, Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінің гала-концерті өтті. Оған әлемнің әр түкпірінен 50 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды F16.kz.

Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл музыкалық кеш түркі халықтарының ортақ рухани мұрасын, мәдени байланысын және өнердегі бірлігін айшықтай түсті.

Гала-концерт театрландырылған «Пырақ» қойылымымен               басталды. Түркі дүниесінің киелі символы – ақ қанатты тұлпардың тарихы арқылы Ұлы дала өркениеті, көшпенділер мәдениеті мен жылқының адамзат тарихындағы орны көркем бейнеленді.

Адамзат өркениетінің көне ошағы, ұлы көшпенділердің «кіндігі байланған» алтын діңгегі, тұтас түркі жұртының түпқазығы, тарихи жады мен рухани тамыры тоғысқан қасиетті өр Алтай төріне қош келдіңіздер! Біздер үшін Алтай – өткеннің ескерткіші ғана емес, бүгінгі бауырлас халықтарды ортақ құндылықтар төңірегіне ұйыстыратын рухани өзек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет» деп ерекше атап өткен болатын. Бұл – уақыт талабынан туған тұжырым. Өр Алтайдың асқақ рухы түркі әлемін әрдайым табыстырып, мәңгілік бірлігімізді бекемдей берсін, — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Одан соң сахна төріне Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Тыва Республикасы және Моңғолиядан келген өнерпаздар шықты. Көмейіне бұлбұл ұялаған әншілер әуелете ән шырқап, дүйім жұрттың құлақ құрышын қандырды. Әсіресе дүниежүзіне танымал отандасымыз Димаш Құдайберген сахнаға беттегенде жанкүйерлерінің қуаныштарында шек болмады. Халық қосыла әндетіп, би билеп, ерекше сезімге бөленді. Осылайша, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі дүркіреп өтті. Бұл кештің қалың жұртқа ұмытылмас әсер сыйлағаны анық.

Айта кетейік, жыл сайынғы дәстүрге айналған фестиваль кеше басталған болатын. Берел ауылындағы «Патшалар алқабы» тарихи-мәдени кешені аумағында белгілі ақын Ақтан Нұрбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ас беріліп, «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» атты поэзия фестивалі ұйымдастырылды. Көкпар мен бәйге өтіп, ұлттық спорт ұлықталса, «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 12 үздік айтыскер сынға түсті.

Тегтер: F16Алтай - түркі әлемінің алтын бесігіШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі күн ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 15 адам ұсталды – ШҚО

Екі күн ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 15 адам ұсталды – ШҚО

13.08.2026, 17:05
«Таза Қазақстан»: Журавлиха өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

«Таза Қазақстан»: Журавлиха өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

13.08.2026, 16:07
Жаз басталғалы 10 адам суға кеткен – ШҚО

Жаз басталғалы 10 адам суға кеткен – ШҚО

13.08.2026, 15:15
Өскемен тұрғыны бөгде біреудің көлігін металлоломға өткізіп жіберген

Өскемен тұрғыны бөгде біреудің көлігін металлоломға өткізіп жіберген

13.08.2026, 12:09

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі күн ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 15 адам ұсталды – ШҚО

13.08.2026, 17:05

«Таза Қазақстан»: Журавлиха өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

13.08.2026, 16:07

Жаз басталғалы 10 адам суға кеткен – ШҚО

13.08.2026, 15:15

Өскемен тұрғыны бөгде біреудің көлігін металлоломға өткізіп жіберген

13.08.2026, 12:09

ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

13.08.2026, 11:02

Үгіт-насихат науқаны қыза түсті — ШҚО

13.08.2026, 10:51

ШҚО әкімі белсенді жастармен кездесті

13.08.2026, 09:31

Жоғары өрт қаупі сақталады: ШҚО-да ертең 37 градусқа дейін ыстық болады

12.08.2026, 16:16

Шығыстың жас көшбасшылары Астанада марапатталды

12.08.2026, 15:03

Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың құрылысы басталды

12.08.2026, 14:29

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған