F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қанас пен Марқакөл: трансшекаралық туризмнің жаңа парағы ашыла ма?

admin_f16 admin_f16
20.05.2025, 12:00
Жаңалықтар

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына сапары аясында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ШҰАА партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен және ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Тұниязбен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ресми ақпаратқа сүйенсек, кездесуде екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жариялауына орай біз трансшекаралық Қанас көлі (ҚХР) – Марқакөл көлі – Катонқарағай ауылы туристік бағытын бірлесіп жүзеге асыруды ұсынамыз. Бұл бағыт екі өңірдің табиғи көрікті жерлерін, оның ішінде Қытайдағы ең танымал жеті туристік орынның бірі Қанас көлін және Қазақ Алтайының інжу-маржаны Марқакөл көлін біріктірмек, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңірдегі туристік аймақтарға электр желісін тарту, сапалы жол салу, инфрақұрылымды толық жүргізу, қонақүйлер салу бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қытай тарапынан Шығыстың табиғаты мен этномәдени мұрасына қызығушылық жоғары екенін ескеріп, бірнеше бағытта көлік қатынасын қамтамасыз ету көзделген. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы Үрімжі-Өскемен тікелей халықаралық әуе рейсін, сондай-ақ Қанас-Катонқарағай, Қанас-Зайсан бағыттарын ашу мәселесін қарастыру ұсынылды.

Облыс әкімі атап өткендей, туризмнен басқа да өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға болатын көптеген сала бар. Олар: өнеркәсіп, автомобиль және арнайы техника өндіру, ағаш өңдеу, су энергетикасы және ауыл шаруашылығы.

Әуе қатынасын ашу мен шекаралық өткізу бекетін іске қосу бастамаларын жүзеге асыру өңірлер арасындағы туризмді, облыс экономикасының басым бағыты ретінде дамытуға қуатты серпін беріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен әріптестіктің символына айналар еді, – деді ШҚО әкімі.

Оның айтуынша, қос тараптың бірлескен күш-жігері арқылы шекаралас өңірлердің өркендеуіне бағытталған нақты іс жүзіндегі ынтымақтастықтың жаңа парағын ашуға болады.

Өз кезегінде Қытай тарапы өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, тізе қосып жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Бұл сапар ынтымақтастықты нығайта түседі деп сенеміз. Сіздердің ұсыныстарды қолдаймыз және бұл бастамалар өңіріміздің дамуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Екі тарап арасындағы алмасуды күшейтіп, қажет болса Шығыс Қазақстанда экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізуді ұсынамыз, – деді ШҰАА партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй.

Сонымен қатар ол білім беру, мәдениет және трансшекаралық туризм салаларында Шығыс Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гимназия түлектеріне ақ жол тіледі – Өскемен

Гимназия түлектеріне ақ жол тіледі – Өскемен

19.06.2025, 12:15
Тарбағатай: "Жайсаң" жағажайында демалыс базалары қашан салынады?

Тарбағатай: «Жайсаң» жағажайында демалыс базалары қашан салынады?

19.06.2025, 11:57
Шайдың қорапшасына жасырған: Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болған

Шайдың қорапшасына жасырған: Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болған

19.06.2025, 11:20
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ираннан 109 отандасымыз елге оралды

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ираннан 109 отандасымыз елге оралды

19.06.2025, 10:43

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Гимназия түлектеріне ақ жол тіледі – Өскемен

19.06.2025, 12:15

Тарбағатай: «Жайсаң» жағажайында демалыс базалары қашан салынады?

19.06.2025, 11:57

Шайдың қорапшасына жасырған: Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болған

19.06.2025, 11:20

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ираннан 109 отандасымыз елге оралды

19.06.2025, 10:43

Өскеменде бірнеше көше уақытша жабылды

19.06.2025, 10:26

«Абай әлемінің» кезекті топтамасы оқырманға жол тартты

19.06.2025, 09:23

Шығыс Қазақстанның жаңадан құрылған аудандарында халық саны азайып барады

19.06.2025, 09:07

«Ата-баба ізімен»: ШҚО-да қолөнер туры басталды

18.06.2025, 18:25

Биыл Күршімнің үш ауылы интернет желісіне қосылады

18.06.2025, 18:11

ШЫҰ форумы: ШҚО өкілдері Huawei деректер орталығында болды

18.06.2025, 18:01

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған