Елімізде мектеп бітірген түлектердің 80 пайызға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады және олардың қатары жылдан-жылға артып келеді,деп хабарлайды F16.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІV сессиясында айтты.
Әрине, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлемеуге тиіс. Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады, – деді ол.
Мемлекет басшысы елдің татулығын бұзып, іштен ірітуге әрекет ететін адамдар заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылатынын, ал ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлес қосқандар зор құрметке ие болатынын атап өтті.
Фото: Ақорда