Шығыс Қазақстан облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов саланың дамуына тұсау болған негізгі проблемаларды атады, деп хабарлайды F16.kz.
Ең басты мәселе – жол. Демалыс базаларына апаратын кіреберіс жолдардың сапасы сын көтермейді. Екінші – ұялы байланыс және интернет. Байланыс болмаса туристерді тарту қиын, қазіргі заманның талабы солай болып кетті ғой. Үшінші – туристік базалардағы сапалы сервис. Міне, бірінші кезекті осы айтылған проблемаларды шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазірдің өзінде демалыс аймағына тапсырыспен қажетті дүниелерді жеткізу жағы біртіндеп жолға қойылып келеді, – деді басқарма басшысы.