Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Өскеменде бұқаралық спорттық мереке — «Бірлік жарысы» өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Ауқымды іс-шара ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктер, қоғамдық институттар, еріктілер ұйымдары мен «Ассамблея жастары» қозғалысының қолдауымен өткізілді. Басты мақсат — ел ішіндегі ынтымақты, этносаралық келісімді нығайту, сондай-ақ бірлік, достық пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер, жастар ұйымдарының, спорт федерациялары мен жүгіру клубтарының мүшелері және қала тұрғындары қатысты.
Сайысқа қатысушылар Қазақстан тауына жүгіріп шықты. Бұл ерекше спорттық шара көпұлтты халқымыздың татулығы мен бірлігінің символына айналды.