Биылғы жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталмайды. Бұл туралы оқу—ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл 1 қыркүйек демалыс күніне дөп келіп тұрғандықтан жаңа оқу жылының басталуы ресми түрде 2 қыркүйекке ауыстырылды. Ал енді 1-сыныпқа келсек, бұл күннің символдық мәні болғандықтан егер мектеп ұжымы, ата-аналар өздері ықылас білдіріп, салатантты шараны 1 қыркүйекте өткізуге келісіп жатса біздің педагогикалық кеңес оған еш қарсы болмайды, – деді министр.
2025 жылдың күнтізбесіне сәйкес Конституция күні (30 тамыз) сенбіге келіп тұр. Сондықтан демалыс күні 1 қыркүйекке ауыстырылды.