Елімізде жаңадан сату және сатып алу платформасы іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім, деп хабарлайды F16.kz.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша инновациялық агромаркетплейс әзірлеп жатырмыз. Бұл жүйе өндірушілер, сауда желілері және мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланыс орнатып, делдалдарды және ашық емес өткізу схемаларын жояды, – деді Арман Шаққалиев.
Ведомство басшысы тілге тиек еткен агромаркетплейс жаңа форматтағы отандық B2B платформасы екенін айта кеткен абзал.
Импортты реттеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған төл туындыны болашақта шетелдік электронды платформалармен интеграциялау жоспарда бар.