Былтырғы су тасқыны кезінде Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, елдегі ынтымақ пен бірліктің жарқын үлгісі көрсетті, деп хабарлайды F16.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым—Жомарт Тоқаев Ассамблея мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, бірақ ұзақ мерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, былтыр ұйым 15 мыңнан астам іс-шара өткізіп, оған 1 миллионға жуық адам қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада ҚХА—ның кезекті ХХХІV сессиясы өтті.Оған Мемлекет басшысы Қасым—Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
Фото: Ақорда