Елімізде әйелдер консультациясы қайтадан жұмысын бастайды. Бұл жаңалықты Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды F16.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі жүкті және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаторлық-емханалық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіру арқылы Әйелдер консультациясы бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіре бастады. Бастаманың мақсаты – әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру, – деп хабарлады министрлік.
Әйелдер консультациясының жаңартылған құрылымы:
- бір күндік емханасы бар ұрықты қорғау орталықтары;
- отбасын жоспарлау орталықтары;
- түсік түсіретін бөлмелер;
- көп бейінді топтың қатысуымен қауіпті жүктілікті және экстрагениталды ауруларды (ЕГД) басқару кабинеттері;
- репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі өліммен аяқталған екі жағдайдан кейін Жамбыл облысында ондаған емдеу кабинетінің жабылатынын хабарлаған.