Бүгіннен бастап қазақстандықтар Starlink спутниктік интернетін қосып, пайдалана алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайд F16.kz.
Компанияның сайтында көрсетілгендей, жабдықтың құны – 104 мың теңге. Ең арзан тариф – Residential Lite, оның бағасы – айына 23 мың теңге. Сайтта бұл тариф «трафикті аз тұтынатын үй шаруашылықтарына арналған» деп жазылған. Сондай-ақ Residential тарифі бар, ол айына 31 мың теңге тұрады және «үй шаруашылықтары үшін оңтайлы таңдау» деп сипатталған.
Starlink-ті сапарға шыққанда қолданғысы келетін тұтынушыларға 50 Гб интернеті бар Roam тарифі ұсынылады. Оның бағасы – айына 26 мың теңге. Сол сияқты шексіз Roam тарифі бар, айлық төлемі – 52 мың теңге.
Кеше, 12 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Starlink компаниясымен қызмет көрсету кезінде Қазақстан заңдарын сақтау туралы келісімге қол қойған.
Starlink технологиясы ең шалғай және жетуі қиын аймақтарда да тұрақты байланыс ұсынады, – деп атап өтті ведомство.