Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылмандарға Counter-Strike 2, Dota 2, GTA, League Of Legends, Minecraft және genshin Impact сияқты ойындарды ойнауға тыйым салды.
Себебі аталған ойындарда зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, соғыс, құдайға қарсы немесе дінді мазақ ету көріністері кездеседі. Сондай-ақ құмар ойындар мен балағат сөз айтылатын ойындар да болмау керек.
Ойында құмар ойын элементтері болмауы керек. Құранда «Уа, Аллаға сенгендер! Мас ететін сусындар, құмар ойындар, пұт – бұл шайтанның істері. Одан аулақ болыңыз!” делінген.(«Әл-Маида» сүресі, 90-аят), – деп түсіндірді мүфтият.
Ведомство компьютерлік ойындарға жалпы тыйым салынбағанын еске салды.