Еліміздің көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс—қимыл қызметі ресми мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, — делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Президент жарлығымен құрылған ҰҚК-нің жаңа қызметі бір айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.