23 тамыз күні Шырайлы Шығыстың төрі, Өр Алтай баурайындағы Марқакөл ауданында “MARQA FEST” мәдени туристік аймақтық фестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Ауқымды фестивалді Марқакөл ауданының құрылуына 1 жыл толуына орай аудан әкімді ұйымдастырып отыр.
Шара аясында Шығыс Қазақстан, Абай облыстары атбегілерінің қатысуымен “Шығыс Алтын тайы” бәйгесі жалауын желбіретеді.
Тай жарысында шабандоздар бес жарым шақырымдық сында өзара мықтыны анықтайды. Бас жүлдеге жаңа автокөлік, сондай-ақ 9 орынға қомақты қаржылай жүлде бар. Құнан бәйге (12 шақырым) мен аламан бәйгеде де (25 шақырым) 5 орынға қаржылай жүлде қарастырылған. Бәйге 23 тамыз күні сағат 9:00-де басталады, — дейді ұйымдастырушылар.
Сол күні кешке аудандың Мәдениет үйінің алаңында қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары және облыс өнерпаздарының қатысуымен гала концерт өтеді. Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін Аман Ахмет, Нұрбақыт Қарағай, Ұлықпан Жолдасов, Гүлдана Ноғайбаева, Алмат Сақатов және басқа да танымал жұлдыздар өнер көрсетеді.