Өскемендегі Назарбаев даңғылында жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды F16.kz.
Гидравликалық сынақтар нәтижесінде Назарбаев даңғылы, 6 мекен жайы аумағынан ақау анықталған.
10 шілде сағат 8.00-ден 11 шілде сағат 18.00-ге дейін аталған учаскеде жөндеу жүргізілетіндіктен жолдың екінші және үшінші жолақтары уақытша жабылады, — делінген «Шығыс Жылу» АҚ хабарламасында.
Айта кетейік, қалада жылыту маусымына дайындық жүргізіліп, жылу желілері жөнделіп жатыр.