F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Oskemen Hub-та жаңашыл авторлар жарысқа түсті

F16 F16
04.11.2026, 17:31
Жаңалықтар, Өскемен

Oskemen Hub-та «IDEA BATTLE: IDEAS FOR THE FUTURE» деп аталған тың жоба ұсынушылардың сайысы өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Жаңашыл авторлар идеяны жұмыс істейтін цифрлық өнімге қалай айналдыруға болады деген сұраққа жауап іздеді.

Oskemen Hub алаңында білім беру, бизнес, қалалық орта, экология және қауіпсіздік салаларын дамытуға бағытталған тың идеялар ұсынылды. Қатысушылар өз жобаларын қазылар алқасының алдында таныстырып, әзірлемелерінің мүмкіндіктерін көрсетіп, кәсіби сарапшылардан кеңес алды.

 Ұсынылған жобалардың қатарында оқушыларға арналған білім беру мүмкіндіктерін іздеуге көмектесетін цифрлық платформалар, интерактивті оқыту сервистері, балаларға арналған экологиялық ойындар, бизнесті автоматтандыру құралдары, жүргізушілердің жағдайын бақылау жүйелері және телефон алаяқтығына қарсы технологиялық шешімдер болды. Әсіресе, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, күнделікті мәселелерді шешуге бағытталған жобалар ерекше назар аудартты.

Жобалардың таныстырылымы мен бағалау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік үш команданы анықтады.

Бірінші орын иегері – Arrakis. Жеңімпаздар 200 000 теңге сыйақы табысталды.

Команда құрамында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжінің студенттері болды. Жеңімпаздар интерактивті сабақтарды әзірлеу мен өткізуді жеңілдететін білім беру веб-платформасын ұсынды. Платформа арқылы оқытушылар тапсырмаларды өз бетінше құрастырып, жариялап, оқушылардың нәтижелерін бақылай алады. Жүйе жауаптарды автоматты түрде тексеріп, ұпай есептейді және оқу үлгерімі бойынша статистика қалыптастырады. Бұл білім беру үдерісін ыңғайлы әрі заманауи етуге мүмкіндік береді.

Екінші орында – АСЫ. Олардың еншісінде – 150 000 теңге.

Команда Tomorrow School білім беру бағдарламасының қатысушыларынан құралған. Олар 7-10 жас аралығындағы балаларға арналған ойын платформасын әзірледі. Жоба ойын-сауық пен экологиялық білім беруді ұштастырады. Ойын кейіпкерлерімен бірге балалар 100 ізгі тапсырманы орындап, зейіндерін дамытады және ғаламшардағы жасыл бақтарды қалпына келтіруге көмектеседі. Жоба жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тың шешім ұсынады.

Үшінші орын мен 100 000 теңгелік сыйақыға ие болған – Tovarishetvo.Alexandra.

Команда құрамында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжінің студенттері болды. Қатысушылардың жобасы телефон алаяқтығымен күресуге бағытталған. Олар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, алаяқтардың қоңырауларына жауап беріп, олардың уақытын алатын телефон ботын таныстырды. Жүйе Валентина Петровна есімді ақкөңіл әженің бейнесін пайдаланып, алаяқтармен әңгімелеседі. Осылайша, азаматтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан қорғауға үлес қосады.

Ақшалай сыйлықтардан бөлек, барлық қатысушылар Oskemen Hub брендтік мерчіне ие болды. Әрбір ұсынылған жоба авторларға өздерін танытуға, идеяларының әлеуетін бағалауға және әрі қарай даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, іс-шараны Oskemen Hub орталығы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тегтер: IDEA BATTLE: IDEAS FOR THE FUTUREOskemen HubTopжаңашыл авторлар
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30
Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16
Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46
ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:36

Театр, косплей және медиа студиясы бар: Сарытеректе бірегей мәдениет үйі ашылды

13.11.2026, 15:30

NASA Space: Өскеменде алғаш рет ғарыш фестивалі өтеді

13.11.2026, 11:12

ШҚО-да сайлау науқанына дайындық барысы пысықталды

13.11.2026, 10:05

18-ден асқан «ерекше» балаларды қолдау орталығы жоқ: Өскемен тұрғындары мәселе көтерді

13.11.2026, 09:20

Алтайдың жәрмеңке-керуені Алатауға жол тартады

12.11.2026, 16:47

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған