F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Oskemen Open-2025: Шығыста 20 елдің гроссмейстерлері қатысатын шахмат жарысы басталды

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
21.07.2025, 17:33
Жаңалықтар, Өскемен, Спорт
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Облыс орталығында «Oskemen Open-2025» атты халықаралық шахмат турнирі басталды. Шығыста осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа 20 елдің белгілі гроссмейстерлері қатысуда, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

«ӨСКЕМЕНДІ ӘЛЕМ ТАНИТЫН ШАХМАТ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУҒА БОЛАДЫ» 

Кіл мықтылар бақ сынайтын турнир KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің мұрындық болуымен өтіп жатыр.

Тоғыз күнге созылатын жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сенсек, жарыс үш бөлек турнирден тұрады. Мәселен, «Masters» турниріне 20 елдің 75-тен астам спортшысы қатыспақ. Олардың ішінде 20 гроссмейстер, 35 халықаралық шебер және әйелдер арасындағы екі гроссмейстер бар. Бұл ретте жарысқа рейтингісі 2 500-ден жоғары 18 шахматшы тіркелгенін айту керек. Турнирдің басы-қасында жүргендердің айтуынша, мұның өзі сайыстардың тартысқа толы болатынын анғартатындай.

Сол сияқты, рейтингісі сәл төмендеу шахматшылар арасында «Challengers» және «Open» деп аталатын екі турнир ұйымдастырылады.

– Мұндай ауқымды турнирлердің Астана мен Алматы сияқты мегаполистерде ғана емес, Өскемен тәрізді облыс орталықтарында өтуінің өзі ауыз толтырып айтарлықтай жетістік деп білемін. Енді осы бастаманы қалыпты нәрсеге айналдыруға тиіспіз. Өскемен қаласын, жалпы Шығыс Қазақстан облысын тек туристік қана емес, сонымен қатар спорттық жағынан танытудың барлық алғышарты бар. Бұл қаланы болашақта бүкіл әлем танитын шахмат орталығына айналдыруға болады. Әлбетте, бұған біздің бастамаға үн қатып, жан-жақты қолдау білдірген Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің де қосып отырған үлесі зор, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов.

Оның айтуынша, бүгінгі жарысқа әлемнің үздік шахматшылары шақырылды. Ондағы мақсат – жергілікті ойыншылардың мықтылармен ойнап, тәжірибе жинақтауына, сондай-ақ отандастарымыздың шахмат спортына деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасау.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ ҚОМАҚТЫ

Айта кетер жайт, халықаралық шахмат турнирінің ашылу салтанаты Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ғимаратында ұйымдастырылды, алдағы шахмат бәсекелері де дәл сол жерде өтпек. Ашылу салтанатының құрметті қонақтары болған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов пен ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтап, оларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Жоғарыда жазғанымыздай, биылғы «Masters» турниріне 20 гроссмейстер мен 35 халықаралық шебер қатысады. Тіркелгендер арасында Рихард Раппорт (Мажарстан), Богдан-Даньел Дяк (Румыния), Аркадий Найдич (Болгария), Антон Демченко (Словения), Нараянан Сунилдут Лина (Үндістан) сияқты белгілі шахматшылар бар. Сондай-ақ, болашағынан зор үміт күттіретін аргентиналық жас шахматшы Фаустино Оро да Өскемендегі жарысқа қатысуға ниет білдіріпті.

Ал еліміздің намысын Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев, Алдияр Аңсат, Жандос Ағманов, Азамат Өтеғалиев пен Рамазан Жалмаханов сынды ойыншылар қорғамақ.

Тағы бір атап өтерлігі, биылығы жарыстың жүлде қоры да айтарлықтай екен. Мәселен, «Masters» сайысына 78 мың АҚШ доллары тігілсе, «Challengers» турнирінің жүлде қоры – 15 мың, ал «Open» бәсекесінікі 7 мың долларға жетіп отыр.

«Oskemen Open» турнирі биылғы Қазақстан кубогі үшін жарыстың екінші кезеңі екенін де айту керек. Бірінші кезең – маусым айының соңында Ақтөбеде өтсе, үшінші кезең ойындары 4-12 тамыз аралығында Қонаев қаласында ұйымдастырылмақ. Кубок үшін жарыстың қорытындысы қараша айынның ортасында Алматыда өтетін финалда белгілі болады.

Тегтер: F16Oskemen OpenТуризм және спорт министрлігіШахмат федерациясыШҚО әкімдігі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09
Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52
Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18
Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

ШҚО-да казино ойындарын жарнамалаған блогерлер анықталды

14.08.2025, 16:22

Ертең жаңбырдың соңы бұршаққа айналуы мүмкін – ШҚО

14.08.2025, 15:28

Марқакөлдің жағасында қандай туристік жоба жүзеге асырылатыны белгілі болды

14.08.2025, 15:13

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

14.08.2025, 14:38

ШҚО полицейлері 8 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіледі

14.08.2025, 14:06

Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

14.08.2025, 12:30

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған