Бүгін Өскемендегі Ертіс көпірінің асфальт қабатын жаңарту жұмысы басталды. Соған байланысты көліктер қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды F16.kz.
Қалалық полиция басқармасының мәлімдеуінше, 15 шілдеден бастап Сәтпаев даңғылы бойындағы Ертіс өзенінің үстінен өтетін автомобиль көпірінде жол жүру бөлігін күрделі жөндеу басталады. Жұмысты ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен мердігер ұйым атқарады. Осыған байланысты ЖМК шағын ауданы жақтан келе жатқандағы көпірдің шеткі екі жолағында көлік қозғалысы шектеледі. Жүргізушілер осы жағдайды қаперде ұстағаны абзал. Күрделі жөндеу жұмысын 1 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген.