Шілде айындағы жалғыз мемлекеттік мереке – Астана күні. Айтулы мерекеге орай қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды F16.kz.
Биы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады.
Яғни бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) — демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) — демалыс күндері.
Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.