Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің авиациясына қарасты тікұшақ Абай облысындағы ірі табиғи өртті сөндіру жұмыстарына жіберілді, деп хабарлайды F16.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 600 жуық адам, 148-ден астам техника мен 7 тікұшақ жұмылдырылған. Әуе техникасы өрт ошақтарына аэровизуалды барлау жүргізіп, су төгуде.
Шығыс Қазақстан облысы авиациясының жұмылдырылуы төтенше жағдайды жедел жойып, өрттің елді мекендерге таралуына жол бермеу мақсатындағы өңіраралық өзара іс-қимыл аясында жүзеге асырылып отыр.




