F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданындағы бірнеше нысанды аралады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
18.09.2026, 12:32
Жаңалықтар, Үлкен Нарын
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

17 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Үлкен Нарын ауданына келіп, бірнеше нысанды аралады. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Аймақ басшысы әуелі Үлкен Нарын ауылындағы орталық қазандықтың жұмысымен танысты. 2015 жылы салынған қазандықтың белгіленген қуаты сағатына 10,4 Гкал. Мұнда КВМ-3,0 маркалы төрт су жылыту қазандығы орнатылған. Қазандық 38,5 мың шаршы метрге жуық аумақты жылумен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта орталық қазандыққа 90 заңды және 300-ден астам жеке тұлға қосылған. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 8,08 шақырым.

Нұрымбет Сақтағанов қазандықтың алдағы жылыту маусымына дайындығын пысықтап, жылу желілерінің техникалық жағдайына назар аударды. Жауапты мамандарға қажетті дайындық жұмыстарын уақтылы аяқтап, жылумен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Одан соң аудан орталығында салынып жатқан үшқабатты 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «NNTR GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр.

Мамыр айында іске кіріскен мердігер үйді желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 382 шаршы метрден асады. Мұнда 12 бір бөлмелі және 18 екі бөлмелі пәтер қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 70 пайызы орындалған.

Тұрғын үй құрылысын белгіленген мерзімде аяқтап, сапа талаптарын қатаң сақтау керек. Бұл пәтерлер баспана кезегінде тұрған адамдарға беріледі. Үйді үлестіргенде бірінші қабатты ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға беру қажет, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауылындағы құрылысы созылып кеткен дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Мердігер ұйым — «QazConstructions» кәсіпорнының өз міндеттемелерін орындамауына байланысты өткен жылы келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылды. Мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта оны құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау мәселесі кәсіпкерлердің әлеуметтік міндеттемелері аясында шешілмек. Яғни, бұған дейін атқарылған жұмыстарды басқа компания қайта жалғастырады.

Нысанды аралау барысында Нұрымбет Сақтағанов кешен ішіне сауна салуды қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл бассейнде жаттығатын балалар үшін маңызды. Олар жаттығудан кейін жылынып, жайлы жағдайда демала алады.

Болашақ дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында қазірдің өзінде ірі спорт кешені жұмыс істеп тұр. Аймақ басшысы екі нысанды біртұтас спорттық кластерге біріктіру қажеттігін жеткізді.

Тегтер: Үлкен НарынШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да үй өртеніп, әйел адам екі баласымен бірге қаза тапты

ШҚО-да үй өртеніп, әйел адам екі баласымен бірге қаза тапты

14.10.2026, 18:26
Экскаваторды масаң күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

Экскаваторды масаң күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

14.10.2026, 15:07
Катонқарағай ауданы 2GIS-ке қосылады

Катонқарағай ауданы 2GIS-ке қосылады

14.10.2026, 14:32
Қай өңірлерде көлік дөңгелегін ауыстыратын уақыт келді?

Қай өңірлерде көлік дөңгелегін ауыстыратын уақыт келді?

14.10.2026, 11:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да үй өртеніп, әйел адам екі баласымен бірге қаза тапты

14.10.2026, 18:26

Экскаваторды масаң күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

14.10.2026, 15:07

Катонқарағай ауданы 2GIS-ке қосылады

14.10.2026, 14:32

Қай өңірлерде көлік дөңгелегін ауыстыратын уақыт келді?

14.10.2026, 11:19

ШҚО-да жер үй көп сатылып жатыр

14.10.2026, 10:09

Өскеменде студенттер жатақханасында өрт шықты

14.10.2026, 10:00

Мәслихат сайлауы өтетін күн белгіленді

14.10.2026, 09:30

Оралхан Бөкей көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады – Өскемен

13.10.2026, 16:04

Риддер Өскеменде мәдени мұрасы мен инновациялық жобаларын таныстырады

13.10.2026, 15:05

ШҚО-ның бұрыңғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

13.10.2026, 12:27

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған