Осы апта Шығыста аптап ыстық сақталады. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, ертең облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады, деп хабарлайды F16.kz.
Кей өңірлерде жел соғып, найзағай ойнауы мүмкін.
Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қаласында күндіз найзағай болуы мүмкін. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі, — деді Қазгидромет.
Десе де, сионптиктер Қазақстанға белсенді циклондар келе жатқанын, атмосфералық ағындар жылжуын жалғастырып, күн құбылмалы болатын айтады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, алдағы күндері ел аумағына фронталды белсенділіктің кезекті толқыны әсер етеді, жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды.
Келесі апта шығыста күндізгі уақытта аптап ыстықтың беті біртіндеп қайтып, ауа температурасы +20…+28 °C дейін төмендейді.