13 маусым күні ШҚО-да аптап ыстық болады. ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 13 маусымда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін. Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі сақталады.
Сағат 11.00-17.00 аралығында мүмкіндігінше үйде, көлеңкеде болған дұрыс. Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында немесе тұрғын үй маңында от жағуға болмайды, — деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады.