21 қазан, яғни бүгін сағат 9.00-дегі ақпарат бойынша, өңірде республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды F16.kz.
Ауа райының қолайсыздығы, қар мен көктайғаққа байланысты облыстық маңызы бар Өскемен – Таулы Үлбі – Северное автожолының 38–60 шақырым аралығы ( «Алтай Альпісі» демалыс базасынан Северное ауылына дейін) және Өскемен – Тарғын – Самар тасжолының 63–145 шақырым аралығы (Тарғын ауылынан Самар ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар 7 учаске жабық:
1. Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы көлік жолының 1013–1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін);
2. Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы жолының 1089–1191 шақырым аралығы (Өскемен қаласынан Шемонаиха қаласына дейін);
3. Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автожолының 1194–1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін);
4. Өскемен – Риддер – РФ шекарасы тасжолының 15–105 шақырым аралығы (Белоусовкадан Риддер қаласына дейін);
5. Өскемен – Семей жолының 12–45 шақырым аралығы (Казачье ауылы мен Таврия ауылы аралығы;
6. Өскемен – Семей автожолының 48–103 шақырым аралығы (Таврия ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
7. Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 7–166 шақырым аралығы (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) жолдар жабық.




