Мемлекет басшысының су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту туралы тапсырмасына орай Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 3 «BRP Sea-Doo» гидроциклін сатып алды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментіне берілген жаңа техниканың артықшылығы көп. Атап айтқанда, жоғары жылдамдық пен маневрлікке ие бұл гидроциклдер судағы құтқару және оқыс жағдайлардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттырады.
– Жаңа су көліктерін сатып алу – бұл мемлекет тарапынан азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жасалып жатқан жүйелі жұмысының бір бөлігі ғана. Осындай қолдаудың арқасында құтқарушылар төтенше жағдайларға жедел ден қойып, оқиға орындарына жылдам жетіп, өз міндеттерін тиімдірек орындай алады, – деп атап өтті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов.