ШҚО-да туризм саласының үздіктері анықталады, деп хабарлайды F16.kz.
Конкурс Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін сапалы дамытып, ілгерілетіп жүрген туристік индустрияның үздік өкілдерін анықтауға және ынталандыруға бағытталған.
Байқауға 6 номинация өтінім беруге болады.
Атап айтқанда:
• ШҚО-ның үздік қонақ үйі;
• ШҚО-ның үздік демалыс базасы;
• ШҚО-ның үздік сауықтыру нысаны;
• ШҚО-ның үздік туроператоры;
• Туризм саласындағы ШҚО-ның үздік блогері;
• Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін.
Өтінімдерді қабылдау 21 қыркүйекке дейін жалғасады.
Өтінімдер тиісті номинациялар бойынша Google Forms арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/7dMD2M4XGSxVpywd9
Толық ақпаратты облыстық туризм және инвестиция басқармасының ресми сайтынан алуға болады.




