Сотты болғандардың біріне жасырын түрде есірткі кірзібек болғандар ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
№73 мекеме қызметкерлері ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп түрмеге тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті.
«Қарасора-2026» және «Заслон» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында азық-түлік сәлемдемесін тексеру кезінде қызметкерлердің назарын пластик шейкер аударды. Оның ішінен әдетте аяқ киім мен басқа да тауарлардың қаптамасына ылғалды сіңіру үшін салынатын «Silica Gel» деген жазуы бар шағын пакет табылды. Алайда пакет ішінде ылғал сіңіргіш емес, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат жасырылғаны анықталды. Осылайша тыйым салынған затты күдік тудырмай мекеме аумағына өткізбек болған, — дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Тәркіленген зат сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізбек болғандар жасырудың түрлі тәсілдерін қолдануға тырысады. Соған қарамастан қызметкерлердің қырағылығы мен мұқият тексеруінің арқасында мұндай әрекеттер дер кезінде анықталып, жолы кесіледі. Түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу жұмыстары ішкі істер органдарымен бірлесіп тұрақты негізде жүргізіледі, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.




